Ұстаз — ұлттың келбеті

132

Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысында ел Президентті Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласын дамыту маңызды мәселелердің бірі екендігін айтып өтті.
Білім беру саласында маңызды құжаттар, «Педагог мәртебесі туралы» заң және «Білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы» қабылданған болатын.

Онда ұстаз жалақысын көбейту, жаңартылған бағдарламалар, жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттыру, сондай-ақ, бизнеспен және жұртшылықпен диалог орнатуды тапсырған еді. Балалардың құқығын қорғау да өзекті жұмыс екендігін назардан тыс қалдырмады. Осы жіктелген тапсырмалар ескеріліп, білім шаңырақтарына ауқымды жұмыстар міндеттелді. Ендігі бағыт мемлекет басшысының тапсырмасын тиянақты орындау. Ұстаз — ұлттың келбеті, бала тәрбиесінің бағбаны. Біз білім саласында ілгерілегенде ғана болашағымызға болжам жасай аламыз. Ұрпақ санасына сәуле ұялатар алтын көмбе мұғалім қолында. Әлемнің назары ғылымға ауғанда біздің енжар қалуымызға болмайды.
» Жылдан — жылға ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Биыл бұл салаға бөлінетін қаражат 1,5 есеге өсті. Ғылымды қаржыландыру ісі тиімді болуы керек әрі оның экономикалық қайтарымы болуы тиіс. Өндірістің сұраныстарына толық жауап беретін ғылыми жұмыс кластерлерін құру қажет деп ойлаймын» — деді мемлекет басшысы өз сөзінде. Бұл ұстаздарға үлкен жауапкершілікті міндеттейді. Сондай-ақ жақсы ұстаз болуды армандаған түлектерге мықты мотивация.
Еңдеше, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының сенімін ақтап, ұлт үшін қызмет етейік.

                                                                                                 Ғалия Ақшолақова,
Талдықорған қаласы  №22 орта мектептің директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK