«Талдықорғанның өзіндік қолтаңбасы болуы қажет». Облыс әкімі тұрғындармен жүздесті

91
Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовтың халық алдында есеп беруіне орай облыс басшысы Амандық Баталов бірқатар нысанды аралап, тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында шаhардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші, қаланы дамытудың стратегиялық мақсаты мен алдағы атқарылар міндеттер сарапталып, тиісті мекемелерге  тапсырма жүктелді.

Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов

Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, саяжайлардағы  электр желілерін жаңғырту, ауызсумен қамтамасыз ету, білім беру нысандарының құрылысы сынды   өзекті  мәселелер талқыланды.

Фото авторы А.Нұршанов
Фото авторы А.Нұршанов

Амандық Ғаббасұлы ең әуелі І.Жансүгіров пен Красина  көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің  ауласында орналасқан балалар ойын алаңының сапасын бақылап қайтты. «Елбасы Талдықорғанды  еліміздегі ең әдемі қала деп бағалады. Талдықорғанның өзіндік қолтаңбасы болуы қажет. Кез келген жұмыстың сапасы мен кескін-келбеті сай болуы керек» -деп ауладағы орындықтардың сапасы сын көтермейтінін, талапқа сай еместігін айтып, ескерту жасады.

Фото авторы А.Нұршанов

Тұрғындар экологиялық мәселеге жіті көңіл бөлінсе дейді. Айтуларынша зауыттардан шыққан жағымсыз иістен сыртта жүру, серуендеу мүмкін емес көрінеді. Басшылық бұл жағдайдан хабардар екенін, тиісті мекемелермен байланыс орнатылғанын атап өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

4000-нан астам адам тұратын «Үйтас» саяжайында сумен жабдықтау  желілерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Таза ауызсумен қамту жұмыстары ағымдағы жылдың  қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде. Кездесу барысында үйтастықтар әлеуметтік мәселелерімен бөлісіп,  балаларды мектепке апаруға арналған арнайы қоғамдық көлік, тұрғындар қаражатына салынған мешіттің құжатын рәсімдеу, бейітке арнайы жер телімін бөлу  сынды  ұсыныстарын жеткізді.

Фото авторы А.Нұршанов

«Ынтымақ» тұрғын алабында алдағы уақытта балабақша, мектеп, сауда орны ашылмақ. Ал, табиғи газға  қосу екінші жартыжылдықта жүргізілетін болады.  Биылғы жылы коттеджді қалашықта 900 орынды мектептің құрылыс жұмыстары басталады.

Фото авторы А.Нұршанов

Қала әкімі Ғ.Әбдірайымов «Облыс басшысы атап өткендей біздің мақсатымыз тек қана қала орталығы емес, шалғай  орналасқан мөлтек аудандарға да барынша көңіл бөлу. Жұмыс бағытымыз айқындалған міндеттерден тұрады. Барлығы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады»-деп қорытындылады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK