Қазақстан діни басқармасы «Зекет» қорының бастамасымен  қолға алынған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы  көптеген игі істерге ұйытқы болуда.  Осыған дейін Жетісу жеріндегі тұрмысында қиыншылығы бар жетім-жесір және мүгедек адамдардың баспаналы болуына қол ұшын беріп келген Талдықорған өңіріндегі қор өкілдері тағы бір азаматқа 5 бөлмелі баспананың кілтін табыс етті.

Бұл жолы 175-ші баспананың  кілті Алматы облысы  Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының тұрғыны Талғат Қабдолдановқа бұйырды. Үнемі көпшілікті қайырымдылыққа шақырып, игі іске мұрындық болып жүрген Жарлыөзек ауылындағы мешіттің бас имамы Едіге Төлешовтің айтуынша, бұл осы ауылдағы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы  аясында берілген үшінші үй. Аталған үйлердің бәріне қайырымды жандар көмектескен. Ал, жаңадан баспаналы болған Талғат жергілікті білім шаңырағында аула сыпырушы болып қызмет етеді. Өзі ІІ-топтағы мүгедек. Үш баласы бар. Қайырымды жоба бұдан былай да жалғасады. Оған үлес қосатын жомарт жүректі жандар қатары көбейе берсін!, –дейді  бас имам.

Сөз кезегінде үй иесі жиналған қауымға және өзінің баспаналы болуына көмек қолын созған азаматтарға Алла риза болсын! –деп айырықша алғысын жеткізді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK