Қаңғыбас иттерді аулау шарасы заң талаптарына сәйкес жүргізіледі

76
Дереккөз

Қапшағай қаласы аумағының санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, жұқпалы індет құрт ауруларының алдын алу, қаңғыбас ит мысықтардың  адамдарды  қабуды азайтуына және қаңғыбас ит мысықтардың азаюына қол жеткізу үшін атқарылатын жұмыстар «Қапшағай қаласы ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы іске асады.

 Аталған жұмыс «Алматы облысында иттер мен мысықтарды  асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары» Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі №51-257  бекітілген шешімі негізінде жүргізіледі.  Аулауға иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда, көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, шағын бақтарда және басқа да орындарда серуендетуші тұлғасыз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады.  Қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі туралы қала тұрғындарынан көптеген арыз шағымдар түсуде және бұл сұрақ қала әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесулерінде жиі көтеріледі. Аулау тобы әрбір өтініш бойынша шығып жұмыс атқарады. Қапшағай қаласында 2019 жылы 2000 – нан астам бас қаңғыбас ит мысықтар ауланып, жойылды.  «Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» ММ қызметкерлерімен қаңғыбас ит мысықтардың адамды қабуының, алдын алу және көбеюі туралы әлеуметтік желілерді саралап, түскен арыз – шағымдарға үнемі талдау жүргізіліп отырады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK