Үйге қырық қадам қалғанда

357
дереккөз

  Жора-жолдастарымен болған  бір басқосудан арақ-шарапқа сылқия тойып қайтқан Серік деген азамат, базар маңында тағы бір танысына кездесіп  қалыпты. Екеуі  Серіктің үйіне таяу жердегі  бір дәмханаға кіріп тағы да іше бастапты.

Жайшылықта ешкімнің қолын қайтармай іше беретін Серік  дәмханаға барған соң көп ішпей тартыншақтай беріпті. Оған  таңдана қараған жолдасы:

  • Ішсеңші Серік, бір жерің ауырып отыр ма? – деп сұрапты.

Сонда  Серік:

  • Қазақ үйден қырық қадам шыққан адамды мүсәпір дейді. Ал, мен  үйге қырық қадам қалғанда мүсәпірмін, –  деген екен.

 

                                        

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK