Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Сөйлеген сөзінде  атаулы  әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге  бағытталған бірқатар заңнамалық актілердің қолданысқа енгенін атап өтті. Былтырғы жылы ақпан айында өткен «Nur Otan» партиясының 18 съезінде «Бақытты отбасы» және  7-20-25 бағдарламалары  еліміз бойынша қарқынды қадам алуда. Оның айғағы — біздің облыс көлемінде көпбалалы аналарға  беріліп  жатқан  баспаналар мен әлеуметтік  жәрдемақылар .

Өткен  аптада  ғана облыс әкімінің орынбасары  Байжұманов  Батыржан Құдайбергенұлымен  «Nur Otan» Алматы облыстық филиалы жанындағы  көпбалалы  аналар және табысы аз  отбасыларымен  жұмыс  жүргізу  бойынша  тұрақты комиссия  отырысы болып өтті. Осы отырыста  комиссияның жұмыс жоспары мен ережесі талқыланды. Комиссия  мүшелерінің  негізгі  мақсаты — бүгінгі  күннің өзекті  мәселесі болып отырған көпбалалы  және табысы   төмен аналармен кездесіп, жұмысқа орналасуларына ықпал етіп,  масылдық  ойдан  арылтып,  табыс тауып еңбек етулеріне ықпал  ету. Осы  мақсатта облысымызда аналарға  арналған «Жанұя» орталығының  ашылғаны қуантарлық  жағдай. Осы отырыста «Жанұя» орталығында  өткізетін  кездесулер, тренингтер мен семинарлардың тақырыптары және кім  қай  күні  баратыны  келісілді. Орталықтағы  аналардың  бос  уақыттарын  тиімді  пайдалану және шағын  бизнес ашуға да ықпал етуге болатынын  сонымен қатар үйірме жұмыстарын да жандандыруға  мүмкіндіктің бар екенін сөз еттік…. Іскер  аналардың  қолдауымен  орталық  өз  жұмысын  бастап   та кетті.

Үстіміздегі жылдың  25 қаңтары  күні психологиялық тренинг өткізілсе,  28 қаңтарда  Сәуле  Сұлтанқызы «Бизнес с нуля» тренингісін  өткізді.

2019 жылы білім  беру  саласында  маңызды  құжаттар  қабылданғаны  бәрімізге  мәлім. «Педагог  мәртебесі туралы» заң Білім мен ғылымды  дамытудың  жаңа  мемлекеттік  бағдарламасы іске асты. Биыл  мұғалімдердің  жалақысы  25 пайызға  көбейді. Қазіргі  таңда елімізде білікті  ұстаздардың тапшылығы  айқын  сезілуде. Зейнеткерлікке кеткен  ұстаздардың орнына  келіп  жатқан  жастардың  білім  деңгейлерінің төмендігі  еліміздегі жеке  меншік ақылы  оқу  орындарының  көптігіне  тікелей  байланысты.

Биылғы жылы  Қасым-Жомарт  Кемелұлының «Білімнің  беделін  түсіретін жекеменшік оқу  орындарынан  біржола  құтылу  керек » — деген шешімі  білім  саласына көптеген өзгерістерді әкелетіні айдан анық. Білім  саласына  бөлінетін  қаражат та 1,5 есеге өскені  осының айғағы.

Келешек ұрпақтың  жақсы  болмағы — бүгіннен. Ертеңін  ойлаған  ел ағалары ең  алдымен   ұрпақ  тәрбиесіне  басты  назар аударуы — келешегіміздің  кемел  болатынына  сенімімізді молайтады.

Ақбасова Ғалия Ниязқызы

Кербұлақ  ауданының құрметті азаматы,

аналар кеңесінің төрайымы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK