«Алдымызда ауқымды міндеттер тұр»

392

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, өткен жылдың әлеуметтік- экономикалық даму нәтижелерін саралап, алдағы жоспарларды талқылады.

Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалатынын тілге тиек етіп, бұл көрсеткіштер халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал ететінін атап өтті. «Елдегі макроэкономикалық ахуал тұрақты. Біз әлемдік даму қарқынынан қалыспай, экономикамызды өркендетіп келеміз. Үкімет жоспарланған макрокөрсеткіштердің бәріне қол жеткізді. Бірқатар маңызды бағдарлама қабылданды. Соның ішінде — Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, Бизнестің жол картасы-2025, Өңірлерді дамыту бағдарламасы, Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы және тағы басқалары. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енді»-деп шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлерге беру үшін құқықтық негіз қалыптасқаны жөнінде атап өтті. Білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту өте өзекті іс екенін айта келе, өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң және Білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы сынды маңызды құжаттар қабылданғанын айтты. Осы ретте өңір әкімдеріне мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектептерге бейнебақылау орнату көрсеткішін ағымдағы жылы 100%-ға жеткізуді жүктеді. Президент жиын барысында Үкімет мүшелеріне және әкімдерге кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік беріп отырғанын, алдағы тапсырмаларды зор жауапкершілікпен орындау қажеттігін баса айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK