Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар өзекті мәселені көтерді.

Алдымен, сайлау алдындағы тұғырнамада айтылған негізгі міндеттерді орындау керектігін қозғады.

Кейін мемлекет басшысы бірнеше маңызды бағдарлама қабылданатынын алға тартты. Оның ішінде — мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2025, Өңірлерді дамыту бағдарламасы, Денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы және тағы басқалары бар.

Одан бөлек, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға, Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктерін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық акті қолданысқа енбек.

Сонымен қатар, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданбақ. Яғни, бұл — мұғалімдердің статусы көтеріледі деген сөз.

Және шағын және микро бизнестің салықтан босатылатыны сөз болды. Мұны да кәсіпкерлерге жасалған жеңілдік деп білеміз.

Жалпы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қ.Тоқаев еліміздің орнықты дамуына, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін беретін маңызды шешімдерді қабылдады деп ойлаймын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK