Талдықорған қаласында  Президенттің тапсырмасына сәйкес  осы жылдың 14 қаңтарында  «Жанұя»  әлеуметтік орталығы ашылды.   Аталмыш орталық  құқықтық, психологиялық кеңестер және  мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектер турасында  тұрғындарға толық мәлімет береді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтардың хал актілерін тіркеу  бөлімінің  басшысы Г.Оспанованың  мәліметінше, бұл  негізінен көп

Суретті түсірген Айдын Нұршанов

балалы және аз қамтылған отбасыларға жасалып  жатқан көмек. «Қала бойынша  қазіргі таңда  тұрмыстық қиын жағдайға тап болған 5632 отбасы анықталып отыр. Оның 3014-і көп балалы және 2618-і аз қамтылған жанұя.  Халықтың жағдайын жақсартуға,  аз қамтылған отбасылардың  табысын арттыруға, білім беру мен денсаулық жағдайын көтеруге бағытталған  әлеуметтік көмек түрлері жасалуда.  Бұл орталық  әлеуметтік, психологиялық, заңдық тұрғыдан кеңес беретін бірнеше қызмет түрлерімен қамтылған. Менеджер, бағдарламаны үйлестіруші, есепші, заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер, медбике, балалар дәрігері, тәрбиеші тағы да басқа мамандар өз жұмысын бастады »,-дейді  бөлім басшысы Г.Оспанова.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының  екінші қабатынан ашылған «Жанұяның» келушілері көп екен.  Атаулы  әлеуметтік көмек алуға келген көп балалы, табысы аз отбасылардың мүшелері балаларымен келетін жағдайлар да кездеседі.   Бұл жерде олар құқықтық та,психологиялық та көмек алады. Тіпті  кішкентайларды қарайтын тәрбиеші болғандықтан жас аналар өз жұмыстарын алаңсыз тындырады. Кеңестік кабинетте тұрғын үй — коммуналдық салаға, салық, кәсіпкерлік, тұрғын үй жинақтау, «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек турасындағы  сауалдар бойынша арнайы мамандар келушілердің қойған  сауалдарына жауап береді.

«Жанұя» әлеуметтік орталығының жиналыс залында көп балалы аналардың қатысуымен  алғашқы психологиялық тренинг өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK