Жеңімпаздар анықталды

468
Дереккөз

«Алматытелеком»  ӨТД  «VIP» клубына қош келдіңіз» акциясын қорытындылады.

Дереккөз

Айта кетейік, аталмыш жергілікті акция 10 қазан мен 20 желтоқсан аралығында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары арасында өткізілген болатын. Мұндағы басты шарт — абоненттер 11 артықшылығы бар «VIP»  топтамаға қосылу. Атап айтар болсақ, жоғары жылдамдықты ID Net интернеті, 100-ден астам арнасы бар цифрлы телевидение, «Караоке» қызметі, «Megogo» фильмдері, Аltel, Тele2 ұялы байланыс жүйесіндегі  қалааралық шектеусіз қоңыраулар, сонымен қатар балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіздігін қадағалайтын  «Ата-ана бақылауы» қызметі. Нәтижесінде кездейсоқ таңдау әдісі арқылы бірқатар жеңімпаздар анықталып, соңғы үлгідегі смартфондар табыс етілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK