Қазақстан Республикасы Президентiнің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5-ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес ауыл әкiмдері тұрғындар алдында есеп беруге міндетті.

Өтенай ауылдық округі (бұдан ары қарай — Округ) бес елді мекендерден құрылады: Өтенай ауылы, Еңбек ауылы, Мойнақ ауылы, Пригородное ауылы және Ынтымақ ауылы.

Округта 13378 адам тұрады, оның ішінде: Өтенай ауылы – 9011 адам, Еңбек ауылы – 2179 адам, Мойнақ ауылы – 1023 адам, Пригородное ауылы – 286 адам, Ынтымақ ауылы – 879 адам.

Округ бойынша 2967 жеке тұрғын  үй бар, оның ішінде Өтенай ауылы – 2016 үй, Еңбек ауылы – 435 үй, Мойнақ ауылы – 227 үй, Пригородное ауылы – 80 үй, Ынтымақ ауылы – 209 үй.

Округ аумағында 3 мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп, №12 «Бәйтерек» бала бақшасы, 4 жекеменшік бала бақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 2 №6 учаскелік полиция пункті, 3 байланыс бөлімшесі, 3 Мәдениет үйі, 3 кітапхана орналасқан.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары үшін әкімдікте арнайы жәшік қойылған, ғимаратта серверлік жабдық орнатылған.

Округ әкімдігіне 2019 жылда тұрғындардан 806 өтініш қабылданып, азаматтардың барлық өтініштері мерзімінде орындалды.

Округ әкімінің 2019 жылғы өткізген есептік кездесуінде 2 ескертпе мен ұсыныстар айтылған, олар іс-шаралар жоспарына енгізілген, барлығы орындалды.

Жергілікті қоғамдастық

2019 жылы жалпы 5 салық түрінен 57 533 952 теңге түсімдері түсті.

Округ бойынша ауылдық округ әкімі аппаратына жұмыс істеуіне және №12 «Бәйтерек» балабақшасының шығысына 125 536 000 теңге бекітіліп, нақтыланған бюджет қаражаты 177 661 000 теңге мөлшерінде жоспарланып, 100% игерілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»; — 2019-2020 оқу жылында 161 бала тасымалданады.
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; — округ бойынша нысаналы мақсатын өзгертуге 510 өтініш түсті, барлық өтініштер қанағаттандырылды.
  3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; — 2019 жылға өтініш түскен жоқ.
  4. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»; — 2019 жылға өтініш түскен жоқ.

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтерді жандандыруға, қызмет алушыларды ақпараттандыру мен электронды түрде ақпарат алуды насихаттау жұмыстарын атқарып келеді.

Округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы, қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттауды және цифрлы сауаттылығын арттыру мақсатында округ әкімдігінің ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды, «Egov.kz» Электронды Үкімет веб порталынан қазіргі таңда  «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындар анықтама алуда.

Әлеуметтік сала бойынша

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы көмек» заңына сәйкес, округте арнайы комиссия құрылып, тиісті құжаттарды дайындаумен шұғылданады. Елімізде елдің әл-ауқатын көтеру мәселесіне де барынша көңіл бөлінуде:

— 2019 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке округ бойынша 440 отбасынан құжат қабылданып, өтініштер қанағаттандырылды. Консультативті кеңестер 207 адамға берілді.

4 адамға АЭК тағайындалмады.

— 2019 жылғы 28-наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж адамдардың жекешеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №167 шешімге сәйкес округ бойынша жетім, тұл жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы отбасынан шыққан жоғары оқу орнында оқитын 12 студентке оқуының төлем ақысына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік білім және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге сәйкес қайта даярлау курстарына 72 адам жіберілді.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2019 жылы шағын және орта бизнесті дамытуға  сәйкес 10 азамат –43 млн.теңге көлемінде мал өсіруге, пластикалық терезе шығару және ауылшаруашылық техникасына несие алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты  бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға сәйкес тұрақты жұмысқа 266 адам қабылдады, 7 адам әлеуметтік жұмыстарға жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 63 адам, жастар тәжірибесіне 11 адам жіберілді.

 

Ауыл шаруашылығы бойынша

Округта барлығы 124 шаруа қожалығы тір-келген. Шаруа қожалықтарына тиесілі жалпы жер көлемі – 6540,4 га, жайылым жер – 4239 га, егістік жер – 2116,4 га, шабындық жер – 185 га.

Бүгінгі күнге округ тұрғындарының жеке шаруашылықтарында ірі қара мал – 1509 бас, ұсақ мал – 7245 бас, жылқы – 851 бас, түйе – 25 бас, шошқа – 268 бас, құстардың барлық түрлері – 4110 құрайды.

Шаруа қожалықтарында ірі қара мал – 948 бас, ұсақ мал – 1130 бас, жылқы – 312 бас, түйе – 5 бас, құс  саны – 130.

2019 жылы «Самай», «Мақан-Алмас» және

«Маканов А.Ш.» шаруа қожалығы және «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС барлығы 82 га жерге қант қызылшасы себіліп, гектарына 350 центнерден өнім алды.

Округ бойынша мал ұрлығының алдын алу, ескерту және болдырмау мақсатында жаз және күз мезгілдеріне жеке меншік малдарын бағатын табыншылармен, мал иелерімен және ауылдық округ әкімімен 3-жақты шартқа отыру жұмыстары жүргізілді.

Округ бойынша Талдықорған қаласының ветеринарлық кызметкерлерімен бірлесіп, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап азаматардың өтініштері бойынша  барлығы 648 қаңғыбас бос жүрген ит пен 29 мысық ауланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408 – бабы, 1 — бөлігі бойынша 129 жазбаша ескертпе берілді.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы

Округ әкімінің аппараты күнделікті өзінің жұмысында елдімекендерді аббаттандыру, санитарлық тазалықтарын, жылыту мезгілдерінде өрт қауіпсіздігін сақтау, көктемгі-күзгі мезгілдерде су тасқынының алдын-алу, болдырмау  мәселелерін басты назарда ұстап отырады.

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарында абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар

мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша  321 дана жаднама таратылып, 21 ескертпе толтырылды.

Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 108 жаднама, көктемгі-су тасқыны өту кезеңіне халықты даярлау бойынша 126 дана жаднама таратылып, инстаграмм әлеуметтік желісінде жарияланды.

Сондай-ақ, 2019 жылы округ бойынша құрылыс жұмыстарында айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

1) Өтенай ауылы бойынша 33,7 шақырым ұзындықта электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – «ПромСтройЭнерго» ЖШС. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының  аудандық электр жүйелері».

2) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Өтенай ауылының 6 көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері – «KazInvestStroy» ЖШС. (Бірлік, Амангелді, Таңшолпан, Гүлдер, Гоголь және Өркен көшелері). Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі.

3) Республика көшесіне 2 шақырым ұзындықта асфальт төсемі төселді. Мердігері – «Гордорстрой» ЖШС. Тапсырыс беруші – «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. 4) Өтенай ауылының көшелеріне 500 шаршы метр көлемінде ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері «KuatGroup» ЖШС.

5) Өтенай ауылы бойынша  су құбыры жүйесін жүргізу және қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Жалпы ұзындығы – 10,4 шақырым. Мердігері – «ТехноСнаб 2002» ЖШС. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ.

  1. Өтенай ауылының көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Мердігері – «Асыл-Тау» ЖШС. Көшелер саны — 15, бағаналар саны – 555 дана. Қазіргі таңда 402 дана бағана қойылып, құрылыс жұмыстары жалғастырылуда. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ.

7) Өтенай ауылы бойынша мердігерлер «Тур-Газ» ЖШС, «Akniet Group» ЖШС- жұмыс жоспарына сәйкес, 75 шақырым газ құбырын жүргізіп, 1688 дана газ қораптары орнатылды. Тұрғындар 12, 13 қосу кешеніне сәйкес газ құбырына қосылуда. Тапсырыс беруші – «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы».

8) Өтенай ауылының Бейбітшілік көшесінің 50 бағанасына ою тәріздес нақышта безендірулер ілінді.

9) Өтенай ауылының Бейбітшілік көшесі мен Жансүгіров көшесі қиылысында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бағдаршам орнатылды

10) Еңбек ауылында 21 шақырым ұзындықта газ құбыры жүргізіліп, 529 дана газ қораптары орнатылды. Мердігері – «МБК Құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді газ құбырына қосуға дайындалуда. Тапсырыс беруші – «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы».

11) «Жастар-2» шағын ауданының 13 көшесіне 11 шақырым 500 метр қиыршық тас төселді. Мердігері – «ТАҒАМ» ЖШС. Ынтымақ тұрғын үй ауданының 14 көшесіне 10 шақырым қиыршық тас төсемі төселді. Мердігері – «N-COM SERVICE» ЖШС. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қала-сының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі.

12) Ынтымақ ауылының Желтоқсан көшесіне 3 шақырым 500 метр асфальт төсемі төселді. Мердігері – «Ақсұңқар-ай» ЖШС. Тапсырыс беру-ші – «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

13) Жастар — 2 тұрғын үй ауданында Нұрлы жол, Қонаев көшелеріне «Гордорстрой» ЖШС асфальт төсемін төсеу жұмыстарын атқарды. Тапсырыс беруші – «Жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі» ММ.  Аталған көше-лермен тұрғындарды тасымалдауға арналған №228 маршруттық автобусы жүргізілді.

14) Талдықорған қаласы Ынтымақ тұрғын үй алабында 16,1 шақырым су құбыры жүйесінің құрылысы жүргізілді. Мердігері – «Темірқазық-Стройпроект» ЖШС. Нысан қолданысқа беріліп, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ.

15) Талдықорған қаласы Ынтымақ тұрғын-үй алабында 21,2 шақырым электр желілерінің құрылысы жүргізілді. Мердігері – «Стройсервис97» ЖШС. Нысан қолданысқа беріліп, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі.

16) «Жастар-2» тұрғын үй алабында электр жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Мердігері – «Электромонтаж» АҚ. Жалпы ұзындығы 15 шақырым.  Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ.

 

Білім беру саласы бойынша

Округте 3 орта білім беру мектебі бар. Барлығы компьютермен қамтамасыз етілген, интернет, телефон желісі бар.

Округтің мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектептеріндегі жалпы мұғалімдер саны – 189, оқушы саны – 1693.

№21 орта мектеп жанында 50 орынға бала бақшасы және талапты балаларға арналған өнер мектебі бар.

Сонымен қатар, әр мектепте баскетбол, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, домбыра, жас өрт сөндіруші, хореография, өнерлі қол, жолда жүру ережесі және тағы да басқа  спорттық және ұлттық ойындарды үйрететін секциялар ашылған.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Округте 5 денсаулық сақтау нысаны тұрғын-дарға қызмет көрсетеді. Өтенай және Еңбек ауылдарында дәрігерлік амбулатория — 2, Мойнақ ауылында 1 фельдшерлік пункт жұмыс істеп тұр. Пригородное және Ынтымақ елді мекендерінде — 2 медициналық қызметкер арнайы ғимаратсыз үйде қызмет көрсетеді.

Округ бойынша денсаулық саласын жақсарту мақсатында қалалық емхана дәрігерлері мен арнайы мамандардың қатысуымен тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізеді. Көктемгі және күзгі уақытта ауыл тұрғындары тасымалданатын пункттен флюорографиякалық тексеруден өтеді.

Өтенай ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 7 дәрігер, 26 медбике және 1 әлеуметтік көмекші тұрғындарға қызмет етеді.

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда барлығы  12730 адам тіркеуде тұр, оның 8123 ересек адам, 0-14 жасқа дейінгі балалар саны – 4420, 15-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер саны — 187.

Күндізгі стационар жұмыс істейді, онда ауырғандарға тегін дәрілер бөлініп, қажетті ем жасайды. Стационарда 420 адам 7 млн 560 мың теңгеге емделді.

Жас нәрестелі аналар саны – 279, жаңа туған нәрестелерге тегін дәріқорабы мен балалардың тағамы берілді.

Қан қысымы ауруымен 701 адам, қант диабетімен 59 адам, іш құрылысы бойынша – 97 адам, ісік ауруымен 43 адам диспансерлік есепте тұр.

Мүгедектер – 152, оның ересектері – 109 адам, балалар – 43 адам. Биылғы жылға 2890 адамға тегін дәрі-дәрмек берілді.

Қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша

Округ бойынша №6 учаскелік полиция пунктінде штат бойынша 5 учаскелік полиция инспекторлары қызмет атқарады.

Ауылдық әкімшілігінде учаскелік полиция инспекторлары квартал комитеттерімен 14 кездесу өткізді. Осы кездесуде учаскенің тұрғындары мен қоғамдық құрылымдарын қылмыстарды ескерту, құқық бұзушылық жасайтын адамдарға қатысты жеке профилактикалық іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмыстар талқыланды.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексінің 505-бабы бойынша қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдірді болдырмау мақсатында 289 хаттама толтырылды.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  кодексінің 434-бабы бойынша 52 — әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

 

2020 жылға жоспар

  1. Өтенай ауылының орталық саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішін жөндеу жұмысына 4,388 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді, қаржы бөлінген жағдайда, жөндеу жұмыстары басталады.
  2. Өтенай ауылындағы Әбжалиев, Тұңғатов көшелерінде су құбырын реконструкциялау, Базарбаев, Жаналық, Қадыржанов көшеле-рінің бөліктерінде су құбырының құрылысы

бойынша,  жоба-сметалық құжаттама  дайындалып, өтінім тапсырылады. Бюджеттік өтінім қолдау тапқанда, ағымдағы жылы аталған нысан бойынша жобалау жұмыстары жүргізіледі.

  1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Өтенай ауылының орталық саябағында футбол және балалар алаңдарының құрылысына ағымдағы жылға 11,2 млн. тенге қарастырылған.
  2. Округ бойынша Өтенай ауылында (Қадыржанов, Нұрпейісов, Алатау, Терешкова, Амангелді және Байқоңыр көшелері), Мойнақ және Пригородное ауылдарында сыртқы жарықтандыруын орнату жалпы қашықтығы 4650 метр 124 бағананың құрылысы жоспарлануда.
  3. Ауылдық округке қарасты Еңбек ауылында жаңбыр, қар суын ағызу жүйесі құрылысының жұмыс жобалары бойынша ведомтсводан тыс кешенді сараптамасын алу күтілуде. Сараптама қорытындысы бекітілген соң 2020 жылға құрылыс – монтаж жұмыстарына бюджеттік өтінім беріледі.
  4. 2020 жылға 20 шақырымды 16 көшеге қиыршық тас төселу жоспарлануда.
  5. 2020 жылы мал ұрлығын болдырмау, ескерту жұмыстарын жалғастыру мақсатында жеке қосалқы шаруашылықтар иегерлері, бақташылар және ауылдық округ әкімімен үш жақты шартқа отыру жұмыстары жалғасын табады.
  6. Ағымдағы жылы елдімекендердің арық жүйелері тереңдетіліп, жаңадан арық жүйелері жүргізілетін болады.
  7. Округте орналасқан мемлекеттік мекемелер табиғи газ құбырына қосылатын болады.
  8. 2020 жылы Өтенай ауылы бойынша 8 көшеге (Қарамырзанова, Өркен, Терешкова, Ұлытау, Жастар, Гүлдер, Таңшолпан, Алтай), Еңбек ауылында Сейфуллин және Талапкер көшелеріне, Пригородное ауылында Жетысу көшесіне асфальттау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
  9. Жастар 1 тұрғын үй алабының көшелеріне асфальт төсемін төсеу бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындалуда. Тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK