Бүгін Талдықорғанда қысқы спорт түрлері бойынша «Денсаулық фестивалі» өтті. Аталмыш шараға 500-ден астам адам қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Мұндағы мақсат — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, шаңғы спортын дәріптеу.

Суретті түсірген Айдын Нұршанов

Жарыстың ашылу рәсімінде Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова және қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Жексембай Арғынғазыұлы сөз алып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Жалпы, қала әкімдігі мен облыстық спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырған додаға оқу орындарының білімгерлері мен оқытушылары, әскери бөлімдердің сарбаздары қатысты. Олар 18-23, 24-30, 31-40, 41-50, 51-62 және 63-тен жоғары жас ерекшеліктері бойынша өзара үздіктерін анықтады. Мұнда ерлер 3 шақырым қашықтықты бағындырса, әйелдер 1,5 шақырымды шаңғымен жүріп өтті.

Жарыс жеңімпаздары медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK