Дамудың жаңа мүмкіндіктері

538

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауын Талдықорған мемлекеттік архив қызметкерлері талқылап, бірауыздан қолдады. Аталмыш мекеме басшысы Майра Байденова  Жолдау туралы ойларымен бөлісті.

 Биылғы Жолдаудағы басты басымдық өнеркәсіптік, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларға беріліпті.Әр салада заманауи өзгерістер бастамасы  айқындалған.

…»Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» бастау алды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазір бізде қажетті бағдарламалардың барлығы бар. Жаңашылдық істер бүгінде қолға алынды.

Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық»- деп Жолдауда анық  айтылған. Себебі, еліміздің өркендеуі, гүлденуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы нұр істіне нұр болары сөзсіз.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK