Еңбек ауылдық мәдениет үйінде «Қазақтың ұлттық ойындары халқымыздың асыл мұрасы» атты  іс-шара мектеп оқушылары арасында  өтті. Елбасы  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген кеш барысында мәдени қызметкерлер оқушыларға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан-балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мәлімет берді. Ата-бабамыздан бізге жеткен  ұлттық ойын баға жетпес  байлығымыз, асыл қазынамыз.

Ұйымдастырушылар оқушылардан қазақтың ұлттық ойындарының қандай түрлерін білетіндерін білу мақсатында түрлі  сұрақтар қойды. Оқушылар   бес тас, алтыбақан, жамбы, аударыспақ қол күрес, асық ойнаудың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті.

Сондай–ақ,  балаларға халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-санасын біліп өсуге,тілді дамытуға көп жәрдемдесетін жұмбақ та жасырылды. Кеш барысында қатысушылар екі топқа бөлініп арқан тартып, асық ату ойындарын ойнап қызығушылық танытты.

Халқымыздың ұлттық ойындарын теренінен түсінген оқушыларға Еңбек ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гүлбақ Алибекова  өз ризашылығын білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK