дереккөз

Қазақстан Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің депутаттарының өңірлерге іссапары аясында халық қалаулылары Ерсұлтан.Бектұрғанов, Марат Бопазов, Омархан Өксікбаев,  Әбдіманап Бектұрғанов Талдықорған қаласында болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы міндеттерге  назар аударды.

Олар бірқатар ұжым мен кәсіпорын, құрылыс нысандарын аралап, жоғары оқу орындарында, балалар үйінде болып, сондай-ақ, экология және геология департаменті мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жеке құрамымен кездесті.

 

дереккөз

І.Жансүгіров атындағы  Мәдениет сарайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты О.Өксікбаев мәдениет саласының қызметкерлерімен жүздесті. Халық қалаулысы кездесуде  шығармашылыққа қатысты заңдық  өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқандығын айтып өтті.  Қатысушылар тарапынан қойылған  сауалдарға жауап қайтарды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK