Күн өткен сайын электрондық үкімет бағдарламасы аясында халыққа қызмет көрсетудің көптеген тиімді жолдары үсынылуда. Қазір тұрғын  үй сатып алуға немесе басқа да мемлекеттік бағдарламаларға құжат тапсыру үшін тұрғындар  #egovmobile-ді қосымшасын пайдалана алады, — дейді мамандар.

Мұнда ең алдымен қалта телефонға App store/play market қосымшасынан #egovmobile – ды жүктейсіз. Осыдан соң ЭЦҚ көшіресіз. Жүйеге кіру үшін Face ID немесе Touch ID пайдаланасыз. Кейін қызметті таңдап, оған онлайн тапсырыс беру қажет. *Қосымшаны пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу шарт.
Бүгінде бұл қосымша арқылы жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтаманы қосқанда 31 қызмет қолжетімді, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл анықтаманы сондай-ақ egov.kz порталы мен FB, Vk чат-боттарынан да алуға болады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK