Пилоттық жобаның тиімділіктері

424
фото А.Нұршанов

Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсетудің көптеген тиімді жолдары ұсынылады. Олардың кейбіріне тұрғындар бұрынғыдай  құжат жинап сабылмай-ақ үйде отырып қол жеткізе алады.  Мәселен, өткен жылдың  29 желтоқсанында бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылған еді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесе қолға алған жаңа жоба біріншіден, халықты  қағаз бастылықтан арылтса, екіншіден, қызмет сапасын арттырады дейді мамандар.

А.Нұршанов

Облыс орталығы Талдықорғандағы «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек,  бұдан былай  балалы болған ата-аналарға жаңа туған сәбиді тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келіп түсетін болады. Бала өмірге келісімен, оның ата-анасына алдымен SMS арқылы құттықтау жіберіліп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады. Осыдан соң, электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінен жинайды. Ал, балаға қойлатын есім, өзге де  деректер SMS хабарламасы арқылы оның ата-анасынан  алынады.Сондай-ақ, әрбір тұрғын телефон арқылы есеп шот нөмірін жіберіп, түрлі жәрдемақыларды рәсімдеп, балаларын балабақша кезегіне қоя алады. Енді халыққа қызмет көрсету орталығына тек сәбидің туу туралы куәлігін алып кету үшін келсе, немесе үйге жеткізіп беруді өтінсе де болады.  Мұндай проактивті қызметке қол жеткізу үшін  тұрғындар алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетке телефон және жеке сәйкестендіру нөмірін қалдыруы тиіс. Оған халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгінуге болады. Осыған байланысты бүгінгі күнге дейін  4 мыңға жуық әйелге SMS-хабарламасымен  құттықтау  жіберіліп, ұялы байланыс арқылы баланы тіркеуге қою ұсынысы жасалған. Қазірге  мұндай мүмкіндікті тек әрбір 6-шы әйел ғана пайдаланады екен. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жалпы қазақстандықтарды осы пилоттық жобаға өз ұсыныстарын білдіруге шақырады. Мұнда халық проактивті қызмет көрсетуге қатысты ой-пікірін  ашық айтып, басқа да ұсыныстар жасай алады. Саралы ой, салмақты пікірімен бөліскісі келген әр азамат мемлекеттік корпорацияның Facebook желісіндегі ресми парақшасында қалдыра алады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK