Бүгін қала әкімдігінің қызметкерлері жабайы сауданың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының айтуынша, саудагерлер базар маңындағы адамдар жүретін жолдың басым бөлігін бөгеп тастаған. Яғни, мұның барлығы  заңға қайшы.

«Біз бүгін кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп заңсыз саудаға ерік берген сатушыларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 бабы бойынша ескерту жасадық. Егер саудагерлер бұл ескертуді елемесе, әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, — дейді Нұр Қанат.

Сондай-ақ, қала әкімінің баспасөз хатшысы бұл ескертулер ағымдағы жылдың 14 қаңтарына дейін орындалуы тиіс екендігін атап өтті. Әйтпесе, сауда иелерінің түнде көшеге қалдырып кеткен қорап, орындық, шатыр сынды барлық заттары тәркіленетін болады.

Posted by Nur Kanatuly on Pühapäev, 12. jaanuar 2020

Posted by Nur Kanatuly on Pühapäev, 12. jaanuar 2020

Posted by Nur Kanatuly on Pühapäev, 12. jaanuar 2020

Posted by Nur Kanatuly on Pühapäev, 12. jaanuar 2020

Posted by Nur Kanatuly on Pühapäev, 12. jaanuar 2020

«Қала әкімдігінде осындай құқық бұзушылықтарға қарсы жұмыс тобы құрылған. Жақында біз жабайы саудаға жол бермес үшін арнайы жоспар құрдық. Бүгінгі шара соның айғағы. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK