Артына өлмейтұғын сөз қалдырған

362
Дереккөз

Биыл Хакім Абайдың туғанына 175 жыл толады. Атаулы дата аясында қолға алынған шаралар мен шоқтығы биік тұлғаның қазақ әдебиетіне сіңірген орасан еңбегі жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында жан-жақты талқылап өтті.

Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ақынның өнегелі өмірі, жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда сақталып тұрары хақ. Кешегі кезеңнің үнін бүгінгі ұрпаққа жеткізуші  замана жаршысы іспетті. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Дүние жүзінде ғылым мен білімнің түрлі салаларын дамытуға зор үлес қосып, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ретінде танылған тұлғалар баршылық. Мысалы, Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп, бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық»-деп Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет екенін баса айтты. Расымен де, «Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпаған жөн». Аталмыш мақалада көрсетілген маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару маңызды  шешім деп білеміз. «Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланады. Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және «Абай» телесериалы түсіріледі». Ұлы даланың ұландары ғана емес, әлем халқы Абай мұрасымен сусындап, тағылым алса, бүкіл адамзат баласының рухани азығына айналмақ. «Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы».

Жомарт Қаратас, Алматы облысының  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK