Еркін ойлы, жалын жігерлі

391
Дереккөз

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жастар жылының ашылу салтанатында «Биылғы жылдың Жастар жылы аталуының тарихи мәні зор. Бұл Елбасының тікелей жастарды қолдауға, жастарды жаңа дәуірдің жаршысы, мемлекетіміздің болашағы ретінде негізгі қозғаушы күші екендігін жан-жақты жете түсінуінің нәтижесі деу керек. Жастардың еркін ойы, жалын жігері, батыл бастамалары – мемлекетіміз үшін аса қажет»-деген болатын. Осы орайда жастармен тікелей жұмыс жасайтын Алматы облысының жастар саясаты мәселелері  басқармасы төл жылды қалай қорытындылады?

Дереккөз

Өткен  жыл жастарға үлкен мүмкіндік сыйлады әрі жауапкершілік жүктеді.  Облыста мемлекеттік жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді шешу барысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік қызметті дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру, жас отбасыларды қолдау, патриоттық сезімді нығайту, жастардың бос уақытын тиімді өткізу сынды бірнеше бағытты қамтыды.

Дереккөз

                                    Жастарды жұмыспен қамту

Қоғамда жас буынды жұмыспен қамту мәселесі назардан тыс қалмаған.  Аймағымызда жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар атқарылуда. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 884 маман 175 034 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алса, 532 маманға 1 980 854  теңге несие бөлінді. Бүгінде өңірімізде жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1% құрайды. Жыл басынан бері жұмыспен қамту үшін жүгінгендер саны – 18 650, ал жұмыспен қамтылған жастар саны – 12 997. 2019 жылдың басынан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың қамтылуымен облыстың аудан, қала деңгейінде барлығы 41 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті. Ұсынылған бос жұмыс орындар саны  4388 құрайды.  Жәрмеңке нәтижесінде 1030 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 399 азамат жұмысқа орналасты.

                                  «Жастар шыңы» туристік жорығы

Жастар жылы аясында Жоңғар Алатауының баурайында «Жастар шыңы» туристік жорығы өтті. Мақсаты — мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал ету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау,  достық қарым-қатынасты нығайту.  Ұйымдастырушылар әрбір жастың әлемдік бәсекеге қабілетті болуы, бойында күш-жігері, жүрегінде намысы бар, ойы ұшқыр, білімі мен білігі қатар дамыған жас буынды қалыптастыру  аса маңызды  екенін атап өтті. Шара барысында 200-ден астам жас 2000 метр биіктікті еңсеріп, Жастар жылының туын тікті.

Дереккөз

                                  «Жасыл ел»  жұмысы нәтижелі

Облысымыздың, шаhарымыздың тазалығы, көгалдануы жолында жасылелдіктер ауқымды жұмыс атқарды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XV еңбек маусымы нәтижелі  қорытындыланды. 2013-2017 жылдар аралығында қатарынан «Үздік штаб» атанып, 2016 жылы «Үздік жасақ», «Үздік жоба», 2018 жылы «HERO Jasyl el» номинациясына ие болған болатын. Республикалық көрсеткіш бойынша үздіктер қатарында болған жерлестеріміз 2019 жылы  «Jyl serpini», «Uzdik jasak», «Uzdik #TrashtagKZ», «Uzdik sarbaz» сынды бірқатар  аталымдарды иеленді.  «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатарында еңбек етемін деген жастардың қатары жыл сайын артып келе жатқанын аңғаруға болады. Жұмысқа орналасқан 1911 жастың 297-і жоғарғы оқу орындарының, ал, 672-і кәсіптік техникалық білім беру орындарының білімгерлері, 489 – мектеп оқушысы, 453 — жұмыссыз жастар болды. Сондай-ақ, 384 — көпбалалы отбасынан шыққан жасөспірім, 206 — әлеуметтік жағынан аз қамтылған, 102-ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасақшы еңбек етті. Айта кетейік, жасақшылардың көмегімен облыс төңірегінде  экологиялық, денсаулық пен рухани сананы дамытуға бағытталған спорттық, мәдени іс-шаралар, қайырымдылық, тазалық акциялары сынды 130 шара ұйымдастырылып, оған жеті мыңнан астам жас белсене қатысты.

                               Әділдік. Парасаттылық. Сенім

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» атты республикалық форум өтті. Аталмыш шараға өңірдегі және республикамыздың әр аймағынан мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері мен  облыстық полицияға қолдау көрсетуші  «Жалын» жасағы қатысты. Сондай-ақ,  форум аясында  «Жетісу адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесі жұмысын бастады. Аталмыш кеңседе мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы бойынша талдау жүргізіліп, бағдарламалардың нәтижелі жүзеге асуына бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

Фото авторы А.Нұршанов

                                  Қоғамдық тәртіп — назарда

Оқу орындарында, қоғамдық жерлерде тәртіпті нығайту және полицияға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Жалын» студенттік жасағының слеті өтті.  Жауапкершілігі мол бұл қызметке өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарынан 300-ге жуық жас іріктеліп алынған. Оқу үлгерімі жақсы, спорттық дәрежесі бар, құқық негіздерін жетік меңгерген олар полиция қызметкерлерімен бірлесе бірқатар шараларға қатысып, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға мейлінше ықпал етуде.

Дереккөз

  • Жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. «Бақыт» жас отбасыларды қолдау клубы аясында жастар ресурстық орталықтарына 20 психолог штаттық бірлігі бөлініп, психологтар жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін ажырасуға өтініш білдірген жастардың саны — 276, оның ішінде 93 отбасы ажырасудан бас тартты. Некеге тұрған 404 жасқа, барлығы 895 адамға жеке кеңестер берілді. Облыс көлемінде психологтардың қатысуымен 366 іс-шара өткізілді.

•Ауыл шаруашылығын дамыту және ауылдық елдімекендерге жастарды тарту мақсатында аудан және қалалық жастар ресурстық орталықтарына 10 гектарға дейінгі жер телімін бөлу бойынша бүгінгі күні 19 аудан мен қалаларда тиісті жұмыстар атқарылды (қант қызылшасы, соя, картоп, алма ағашы және т.б). Жыл қорытындысы бойынша 100 га жер игерілді. Түскен табысқа аудан, қала жастарына арналған спорттық құрылғылар, инвентарьлар сатып алынып, келесі жылғы егістікке қажетті дәнді-дақылдар, тұқымдар алынды.

•Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында түрлі санаттағы жастардан құралған ақпараттық-насихат тобы Алматы облысының әр ауданы мен қаласында NEET санатындағы жастарға және жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алуға, жас еріктілер қозғалысын дамыту, этносаралық келісімді насихаттау және жалпы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 6 жоба бойынша барлығы 10 мыңға жуық жасты қамтыған 140 кездесу өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK