Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – халықтың, абайтанушылардың, жалпы зиялы қауым өкілдерінің көкейінде жүрген ойын дөп басты деп ойлаймын. Себебі, Абай көтеріп кеткен мәселе күні бүгінге дейін маңыздылығын жоғалтқан емес. Ұлы ақынымыз жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің айрықша жолдарын жоғары деңгейде көрсете білген. Мәселен, Мұхтар Әуезов Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін бағдарламалық шығармаға теңейді. Онда ғылымды қалай табамыз, адам баласының білім алудағы мақсаты, оқу арқылы пайда емес, ар ойлау керектігі айтылған. Демек, біз Абай арқылы өзімізді тәрбиелеуміз керек.

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл болса, оның тұңғыш шығармаларының шыққанына да ғасырдан асыпты. Сонда біз осы өлеңдерді оқып, жаттап жүргенде не алдық? Өзімізді өзгерте алдық па? Бүгінде Қазақстанды экономиксы, қазба байлығы жағынан әлем танып жатыр. Бірақ, олар біздің рухани дүниемізді біліп жатыр ма? Қазаққа осыны таныту қажет. Осы тұрғыдан келгенде ел Презденті ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығаруды көздеп отыр екен. Құптарлық іс.

Сайлау Қожағұлов,

филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK