Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған кестеге сәйкес, биыл Рамазан айы 25 сәуірде басталады.

Ораза айт мерекесі 24 мамырға, ал Құрбан айт 31 шілде мен 2 тамыз аралығына түсіп отыр.

Діни басқарманың мәліметінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалған. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK