Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылдық мәдениет үйінің директоры Гүлмира Изатова ауылдағы 14 тұрғынның үйіне барып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аталған жанұя мүшелерінің кейбірі жүріп-тұруы қиындаған қариялар болса, қалғаны мүмкіндігі шектеулі балалар мен  азаматшалар.

 

Мүгедектерге бағалы сыйлықтар табыстап,  қуанышты көңіл күй сыйлаған Гүлмира ханым: «Қайырымдылық шарасы  – қадірлі іс. Бұл аз да болса қарттар мен мүгедектер үшін үлкен қолдау. Әрі жастарды ізгілікке баулып, үлкенді құрметтеп, кішіні және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуге тәрбиелейді. Біз ауылымыздағы қарттардың және балалардың сырқатынан тез арада сақайып аяқтан тұрып кетуін тілейміз. Бастысы еліміз аман, жеріміз тыныш болып, жаңа жыл әрбір шаңыраққа шаттық әкелсін!», — деді

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK