«Биыл Талдықорған бюджеті 40 млрд теңге көлемінде болды. Қаржы игеру көрсеткішіміз 99,8 пайыз. Барлық индикаторлар, оның ішінде инвестиция мен құрылыс көлемі толық орындалды. Бұл – берекелі, ауызбірлікті жұмыстың нәтижесі». Бүгін жыл қорытындысына орай жиналыс өткізген Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов осылай деді.

Жиналғандарға жүрекжарды құттықтауын арнаған қала басшысы жыл бойына еңбегімен еленген бірқатар азаматтарға Құрмет грамотасын тапсырса, қалалық мәслихаттың бұрынғы шақырылым депутаттарына «Мәслихатқа 25 жыл» мерейтойлық медальдарын тақты. Өз кезегінде марапатталғандар да алғыс айтып, жаңа жылдық құттықтауларын жеткізді.

Сандуғаш Дүйсенова, Талдықорған қалалық Мәслихатының 3-шақырылым депутаты, журналист: «Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бәріміздің ниетіміз бір – елге қызмет ету. Әркім өз ісіне жауапты болса, өз шаруасын тыңғылықты атқарса, елдің де көңілі дұрыс, өмірі жақсы болады. Мен өз жұмысымда осындай ұстанымды басшылыққа аламын. Сондықтан, қала әкімінің атына сын келтірмейтіндей қызмет етейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK