Тәртіп сақшыларының бастамасына қолдау білдірген кәсіпкерлер мен жергілікті полицейлер Талдықорған қаласындағы Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығындағы балаларға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында түрлі ойыншықтар мен тәттілер табыстап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық шарасына қаладағы «Склад игрушек» ойыншықтар дүкені мен «Буржуй» мейрамханасы қатысып, аталған орталықтағы бүлдіршіндерге арнайы алып келген көз қызықтыратын ойыншықтар мен түрлі дәмді тағамдарын тарту етті.

«Жаңа жыл мерекесін кез-келген бала асыға күтетіні белгілі. Әлеуметтік орталықтағы 14 бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау туралы Департаменттің ұсысына қолдау көрсетіп, ұмытылмас керемет көңіл күй сыйлаған «Склад игрушек» дүкенінің директоры Дина Лятиева мен «Буржуй» гастробарының әкімшілігі Юлия Качановаға алғысымызды білдіреміз»,- деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай мерекелік сыйлықтар облыс орталығында орналасқан «Ана үйіндегі» 6 нәрестеге де табысталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK