Бірде, Қожанасырдың су жаңа бас киімін біреу жұлып алып, қашып кетіпті. Қожекең ұрыны қорбаңдап қанша қуса да оған жете алмапты. Ақыры ол сол маңдағы бір зират басына барып, ұрыны күтіпті де жүріпті. Мән-жайды ұққан бір адам:  — «Қожеке, сіз неге ол ұрыны бұл зираттың басынан тосып отырсыз» деп сұрапты.  Сонда Қожанасыр:   — «Ұры түбінде бәрібір осы жерге бір келеді ғой», — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK