Бүгін Талдықорғанда Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне кіргізілуіне 40 жыл және шығарылуына 30 жыл толуына орай ардагерлер арасында шағын футболдан ашық турнир өтті. Қала әкімінің жүлдесі тігілген тартысты додаға 10 команда, 100-ге жуық ардагер қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов алғаш сөз алып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Одан бөлек, қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажан, облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев және Ауғанстан соғысы әуе-десант күштері ардагерлері ұйымының төрағасы Еркін Ерғожанов сынды бірқатар азаматтар да жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, шара барысында бірнеше азаматқа Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік төс белгісі табысталды.

Осыдан кейін қатысушылар асыға күткен турнир басталып кетті. Жалпы, жарыс барысында командалар тартысты ойын өрнегін ұсынды.

Суретті түсірген Рауан Биқұрманов

Сайыс қорытындысы бойынша, «Dream Team» командасы турнир жеңімпазы атанды. Ал, екінші орынды «1С» командасы иеленсе, үздік үштік «Қазақтелеком» командасына бұйырды.

Барлық жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар дипломдармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK