Бүгін Талдықорғанда аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Қайырымдылық шараны қала әкімдігі мен «Niyet» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырып отыр, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Игі шарада сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов көпшілікті алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

– Құрметті қауым! Биылғы жылы Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Niyet» қайырымдылық қоры арасындағы ортақ келісім аясында 10 мың киім-кешек таратамыз деп келіскенбіз. Оның басым бөлігі таратылды. Бүгінгі шара соның жалғасы. Бұл акция алдағы уақытта да болады, деді Ғ.Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұл көмек Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде тіркеуде тұрған балаларға беріліп отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK