«Үздік олимпиадалық команда» атанды

741
дереккөз

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен cайысқа 16 аудан мен 3 қаладан 800-ден астам оқушы қатысты.

Екі күн бойына  жас өркендер алған білімдерін сарапқа салды. Ұшқыр ой мен  терең білімнің  сапасына жоғары оқу орны оқытушылары мен өткен жылдардағы олимпиада жеңімпаздары әділ бағасын берді. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты.

Пән олимпиадасының  облыстық кезеңіне Талдықорған қаласынан 146 оқушы қатысып, бақ сынады. Олардың 15-бірінші, 46-екінші, 44-үшінші орындарды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталды. Бірінші орын иеленгендерге республикалық пән олимпиадасына жолдама беріледі. Пәндер олимпиадасының республикалық кезеңі наурыз айында жаратылыстану-математикалық бағытта Атырауда, ал  қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша  Қостанай қаласында өтеді.

Сайыс қорытындысында қала оқушылары  білімдерін    жоғары деңгейде көрсетті. Талдықорған қаласының оқушылар құрамасы «Үздік олимпиада командасы» аталымында жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK