дереккөз

Талдықорған қаласы әкімінің қолдауымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және орталық балалар кітапханасы кітапханашыларының атсалысуымен «Тәуелсіздік, мен сені жырлап өтем!» атты мәнерлеп оқу  байқауы өтті.  Қала мектептерінің  орта және жоғары буындары арасында өткен сайысқа 14 үміткер қатысты.

Олар поэзия және проза жанрында өзара бақ сынасты. Сондай-ақ,  Тәуелсіздік тақырыбына байланысты қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді.

Байқауға әділқазылық еткендер қатысушылардың қарым-қабілеттеріне айрықша мән берді. Сайыс барысында  оқушылардың тыңғылықты әзірленгендіктері байқалды. Байқаудың қорытындысы бойынша, I орынды №2 орта мектептің оқушысы  Сабина Әлімжан, II орынды  Е.Берліқожаұлы атындағы №11 ОМ оқушысы Аяжан Еркімбекова, III орынды  Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп–лицейдің  оқушысы  Олжас Жұмабай  иеленді. Ал ынталандыру сыйлығына Е.Дәукенбаева мен А.Мұхитқызы лайық деп табылды.

Байқаудың қатысушылары мен жеңімпаздарына дипломдар  мен бағалы  сыйлық табысталды. Оқушыларды даярлап әкелген тәлімгер ұстаздар  қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK