«Нұрлы жердің» шапағаты- тұрғындарға

367

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Талдықорған қаласында  тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Баспаналы болу бақыты бұйырған тұрғындарымыз, жас отбасылар қатары көбеюде.  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов, Сәкен Қаныбеков,  Марат Бопазов өңірлерге жұмыс сапары аясында  құрылыс нысандарын аралады.

  Облыс орталығындағы  Оңтүстік-Батыс ауданынада бой көтерген құрылыс нысандарына барып көрді. Көп қабатты  тұрғын үйдің  бүгінде  9-шы қабаты көтерілуде. Жалпы 12 қабатты тұрғын үй  64 пәтерлі. Халық қалаулылары  құрылысшылардың жағдайын  да сұрастырып  білді. Жұмысшылардың жалақысы уақытымен беріледі. Нысанды  уақытында тапсыруға барлық күш  жұмылдырылуда.

 Аталған бағдарлама бойынша құрылысы 2015 жылдың маусымында басталып,  тоқтап қалған  тұрғын үй аумағын да көрді. Бұл, жалпы  көлемі 18094 шаршы метр болатын  290 пәтерлі  5 тұрғын үйге   қаржы  Ұлттық қордан бөлініп, салынуға тиіс еді. «Бәйтерек- Девелопмент» АҚ-ның шарт жасасқан мердігер компания келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындамау себепті  жұмыстары тоқтатылған.

Қазіргі уақытта  бұл құрылыс нысанына қатысты іс сотта қаралуда.

Халық қалаулыларының жұмыс сапары Көксу ауданындағы шаруашылықтарды аралаумен жалғасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK