Тұңғыш Президент күніне орай қаламыздағы  М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп–гимназиясында  «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелігіне қабылдау және шәкірттердің ант беру  салтанаты өткізілді.

«Мен өз Отанымның патриотымын» атты салтанатты жиынға Алматы облысы қорғаныс істер департаменті, Талдықорған қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқарма басшылығы,  Алматы облыстық «Жас сарбаз» филиалының төрағасы, облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығының бөлім жетекшісі А. Қасенов және ардагерлер мен ата-аналар қатысты.

— Елбасының дәстүрлі жолдауына сай және Жастар жылына орай еліміздің әр өңірінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының филиалдары құрылды. Бүгінде Алматы облысы мектептері мен колледждерде  654 кадеттік  сыныптар ашылып, онда 30 мыңнан аса бала білім алуда.  Одан бөлек, әр білім ордасының өз әскери жасағы, клубтар  құрылған.  Негізгі мақсат жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, өр рухты ел қорғандарын тәрбиелеу,-деді А.Қасенов.

Алматы облыстық қорғаныс істер департаменті бастығының орынбасары С.Бекмұратов  шәкірттердің білімді, зерек болып, атына адал болуға шақырды.

 

дереккөз

-«Ар-намысы кем ұлт – өспеген ұлт» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, қазақтың ұл-қыздары ұлт намысы мен ел болашағын ең бірінші кезекте ұстайды деп сенеміз. Жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық рухы жоғары, қайсар ағалар ерлігін үлгі ету, оқушылардың саяси саналылығын, атқарған іске деген  адалдық, болашаққа  сенім – негізі алға қойған мақсатымыз. Талдықорған қаласы бойынша патриоттық қозғалыстың  2 пилоттық жобасы қолға алынды. Әскери-патриоттық сынып біздің  мектеп –гимназиясынан  үстіміздегі оқу жылында ашылған еді. Бүгінгі  шәкірттердің  салтанатты ант қабылдау шарасына қош келдіңіздер,-дейді  білім ордасы директоры Қ.Сарқытов.

Ант қабылдағын шәкірттерге  Талдықорған қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы, полковник Ерен Мейрембеков    куәлік табыс етті.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK