Алматының «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында қазақ күресінен IV «Әлем барысы» чемпионаты өз мәресіне жетті. Ресейлік балуан Роман Бобиков 2019 жылғы «Әлем барысы» атанды. Ол финалдық белдесуде Айбек Нұғымаровтан басым түсті, — деп хабарлайды kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Ресейлік балуан Роман Бобиков финалдық белдесуде екі дүркін «Әлем барысы» Айбек Нұғымаровты жеңіп, алтын белбеу мен 10 млн теңге ұтысқа ие болды.

Ал күміс белбеуді еншілеген Айбек Нұғымаровқа 6 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ дүбірлі додада үшінші орынға қол жеткізген қазақстандық балуан Мақсат Исағабылов қола белбеу мен 3 млн теңге ұтысқа ие болды. Ол жартылай финалдық белдесуде отандасы Айбекке есе жіберіп, үшінші орынға таласта өзбек балуанынан басым түсті.

Айта кетейік, IV «Әлем барысында« 30 елден келген 33 спортшы бақ сынады. Еліміздің намысын қорғаған төрт балуанымыздың екеуі жүлделі орындарға қол жеткізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK