Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында өткен халықаралық турнирде «Жетісу» бірінші орын алды. Жарыста Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өнер көрсетіп, командасымен жеңіске жетті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Осымен үшінші мәрте жалауын желбіретіп отырған байрақты додаға сегіз елдің командасы қатысқан болатын. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің Тыва, Бурятия, Татарстан елдері және Орынбор қаласы құрама командалары бар.

Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Аталмыш жарыста екінші орынды Тыва Республикасы алды. Ал, үздік үштік Орынбор волейболшыларына бұйырды. Жеңімпаз команда 1млн. теңгеге қол жеткізсе, екінші орынға 700 мың теңгенің сертификаты табысталды. Қола тұғырға орналасқандар 500 мың теңгені місе тұтты.

Сонымен қатар, турнирдің үздік ойыншылыры да марапатталды. Жарыстың жабылу салтанатында облыс əкімі Амандық Баталов сөз алып, келген командаларға жəне спорт басқармасы мен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK