Көшбасшы – 2019

106
Дереккөз

«Koktem GRAND» кешенінде облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы әкімінің  «Көшбасшы – 2019» жастар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Білім мен ғылым, өнер мен саясат, кәсіпкерлік пен спорт сынды бірнеше саладағы  жетістіктерімен, қоғамдағы белсенділіктерімен көзге түскен  жастар марапатталды.

Дереккөз
Дереккөз

Мұндай мəртебелі атақ жыл бойы жастар саясатын белсенді түрде жүргізіп, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтиже  көрсеткен облыс жастарына беріледі. Ағымдағы жылы жастардың арасында 20 номинация бойынша үздіктер анықталды. Биылғы ерекшелік, қатарға тұңғыш рет «Үздік жас әдебиетші» аталымы қосылды.

Дереккөз
Дереккөз
Дереккөз

«Үздік жас мемлекеттік қызметші» — Владимир Чепель, «Үздік жас спортшы» — Баян Ақбаева, «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы» — Әсем Қалибек, «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» — Айбек Ілебаев, «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» — Ержан Бекмырза, «Үздік студент» —  Еркежан Есімжанқызы, «Үздік жас әскери қызметкер» — Бауыржан Алибаев, «Жас ұлан бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» — Ерсұлтан Тохтажынов, «Үздік жас ғалым» — Өмірұзақ Қалдарбекұлы, «Үздік жас отбасы» — Абишовтар отбасы, «Үздік жас кәсіпкер» — Әдемі Есеншораева, «Үздік жас батыр» — Алмас Рыйзабеков, «Үздік жас әдебиетші» — Мұхтар Күмісбек, «Үздік ерікті» — Жазель Дакубаева, «Үздік жас талант» — Асхат Мадиев, «Үздік жас дәрігер» — Дархан Нұрмадиев, «Үздік жас ұстаз» — Назгүл Жайлаубаева, «Жасыл ел жасағының үздік сарбазы» — Зере Тұрғанбаева, «Жастар үкіметтік емес ұйымының үздік көшбасшысы» — Бақтияр Бақыткелдіұлы, «Үздік жас журналист» — Мәулен Әнербай деп танылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK