Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу Кубогы» халықаралық турнирі басталды. Осымен үшінші мәрте жалауын желбіретіп отырған байрақты додаға сегіз елдің командасы келген, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов және турнирдің құрметті қонағы, волйболдан спорт шебері Амангелді Шабдарбаев сөз алып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Атап айтсақ, жарыста Қазақстаннан бөлек, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің Тыва, Бурятия, Татарстан елдері және Орынбор қаласы құрама командалары өзара мықтыларын анықтайтын болады.

Бүгін және 30 қараша күндері «Жастар» спорт кешенінде іріктеу ойындары өтеді. Ал, 1 желтоқсанда сағат 13.00-де финалдық ойын мен марапаттау рәсімі болмақ.

Жарыстың жүлде қоры да қомақты. Бас жүлдені қанжылаған командаға 1 млн. теңге беріледі. Екінші орынға 700 мың, үздік үштікке 500 мың теңге табысталмақ. Сонымен қатар, 8 номинация бойынша үздіктер анықталып, командалар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, турнир Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK