Енді мобильді базаға тіркелген 7 млн астам адам eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мессенджерлері арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервисті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады,– деп хабарлайды  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Бүгінде ұялы телефонның көмегімен бірқатар мемлекеттік қызмет барынша қолжетімді болған.  Бұл туралы үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева атап айтан.

Осыдан  1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын осыған дейін 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегімен азаматтар көбіне соттылық, псих-нарко диспансердің есебінде, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама алу сынды қызметтер сондай-ақ ХҚКО кезегін брондау, айыппұл жайындағы мағұлыматты тексеру тәрізді сервистерді жиі пайдаланған.

Нақтырақ айтсақ қазір электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасы арқылы 28 мемлекеттік қызмет түрін алу қолжетімді. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәліметтерімен сәйкестендіріп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкіндік береді. Мәселен, оны қысқа ғана 1,5 айдың ішінде қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халыққа ыңғайлығы болу үшін сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрі оңай алу мүмкіндігін жасадық. Осы жүйе арқылы кейбір анықтамаларды не бәрі 1 минуттың ішінде алуға болады. Есесіне қаншама уақыт, қаржы үнемделеді. Адамдар ХҚКО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс», – дейді басқарма төрайымы.

Қазір тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚКО» қызметін пайдаланушылар санын арттыру үшін ХҚКО арнайы мобильді тіркеу секторы ашылған. Онда мамандар азаматты базада тіркеп, бірден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтік желілеріндегі боттар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетеді.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK