С.Мұқанов театры Талдықорғанда

44
Дереккөз

Солтүстік Қазақстан облыстық  Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Талдықорғанға гастрольдік сапармен келді.

Дереккөз

Өнер ұжымы жетісулықтар назарына К.Тоқаевтың «Солдат күнделігінен» музыкалық драмасын, М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасын, Т.Миннулиннің «Гәргәрбектің гөй-гөйі» комедиясын, М.Әуезовтің «Қарагөз» soundrama және балаларға М.Әлібектің «Сиқырлы дүрбі» ертегісін ұсынды.

Дереккөз

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, аталмыш театрдың қоюшы режиссері Фархад Молдағали аймағымызға жаңа форма мен  интерпретация, симфониялық оркестр сүйемелдеуімен үйлесім тапқан, тың туындылармен келгенін баса айтты.

Дереккөз

20 жылдық тарихы бар театр репертуарында 100-ден астам қойылым бар, бірқатар республикалық, халықаралық фестивальдерде үздіктер қатарынан танылған. Театр директоры Біржан Жалғасбаев  «Шалғай  орналасқан қалаларға гастрольдік сапарды Талдықорған қаласынан бастауды жөн санадық. Жетісу халқынан бата алайық деген ниетпен келдік. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне, мәдениет басқармасына және Б.Римова атындағы  драма театрға алғысымызды білдіреміз»-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK