«Ауылым – алтын бесігім» байқауы қорытындыланды

54
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен  халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен өтетін «Ауылым – алтын бесігім» облыстық байқауы қорытындыланды.

Фото авторы А.Нұршанов

Аталмыш байқаудың мақсаты — облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының жұмыстарын жандандыру,  мәдени өрлеу мен  өнер жетістіктерін насихаттап,  ұжымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.

Фото авторы А.Нұршанов

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылар сайысқа ағымдағы жылы 14 аудан мен 1 қала бойынша 30-ға жуық мәдениет мекемесі қатысты. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев «Мәдениеттің бастауы ауылдан басталады. Сахна саңлақтарының басым көпшілігі осы қасиетті аймақтан шыққан. Бүгінгі кеште талантты өнерпаздар қатары көп екеніне тағы бір мәрте көз жеткізіп отырмыз. Байқау барысында  арнайы комиссия мүшелері ауыл-аймақты аралап, үздіктерді анықтады»-деді. Мәдени шараларды жоғарғы деңгейде  ұйымдастырып, байқауға белсене қатысқандары үшін өнер шаңырақтары облыс әкімінің дипломы, компьютер және дыбыс аппаратурасымен марапатталды.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK