2019 жылдың 29 қарашасында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және 14:00-ден 17:00-ге дейін Талдықорған қ. «Қаратал» ш/а №22Б «Nur Otan» партиясының Талдықорған қалалық филиалының ғимаратында «Ашық есік күні» шарасы өткізіледі, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Аталмыш шара барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары мемлекеттік/мемлекеттік емес органдардың: тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсететін қоғамдық бірлестіктер, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен бірлесе отырып, болашақ зейнетақыны жоспарлау туралы ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретеді және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар береді.

Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық ниет білдіруші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK