Суретті түсірген А.Нұршанов

Қарашаның 25-і қыздар мен əйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұру күні.  БҰҰ бекітуімен   жыл сайын халықаралық деңгейде барша тұрғындарды əйел, қыз баланы қорғауға шақыратын ерекше күн.  ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографикалық саясат ұлттық комиссия мүшелері, «НеМолчиKZ»,  Қазақстандағы «ООН-женщины» ұйымы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «ОБСЕ» орталығы ұйымдастыруымен Алматы облыстық әкімідігінің қолдауымен аймақ бойынша  25-26-27 қараша күндері «Біз – зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты жалпыреспубликалық акция бастау алды.

Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығында, Оқушылар сарайында, мектеп пен  оқу орындарында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушыларымен өзара пікірлесу, көкейдегі түрлі  сауалдарға  жауап алу мақсатын көздеді. Әйел мен балалар құқығын қорғау саласының мамандары психологтар, психиатр-дәрігерлер, эксперт пен құқық саласының мамандары  жастарға, мұғалімдерге, ата-аналар мен  журналистер қауымымен бірнеше кездесу өткізді. Шара аясында еліміздің 5 облысы аумағында бір сәтте интерактивті алаңда осы тақырыпта пікір  алмасу ұйымдастырылды.

 Сондай-ақ, Англия, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстанның  білікті мамандары   пікірлерімен бөлісті.

Өкінішке қарай, қыздарға  қатысты зорлық-зомбылық жиі кездесіп отыр.  Мәселен,үш əйелдің біреуі өмірінде бір мәрте еркектің тепкісіне ұшырайды екен. Көбінесе олар өзінің жақын адамынан жəбір көреді. БҰҰ мəліметіне сүйенсек, əлемде  бірнеше  миллиондаған қыз бала 18 жасқа толмай жатып, тұрмысқа шығады. Адам ұрлау, тəнін сату құрбандары болғандардың 71 пайызы қыздар мен əйелдер. Осындай себептермен зорлық көрген қыздар ертең ана болудан  қалады, əйел бақытынан айырылады.

Жалпы  зорлық-зомбылық- бұл тəн жарақаты, жыныстық зорлау жəне психологиялық күйзеліске апарады. Дене жарақаты, яғни біреудің қыз баланы ұрып-соғуы, мінез көрсету, некеде жəбір көрсетудің соңы өлтіру фактісіне әкеліп соғуда. Ал педофильдік сексуалды мақсаттағы зомбылық,  балаларды зорлау қылмысы.
“БҰҰ-əйелдер” ұйымының басқаруымен “Зорлық-зомбылыққа қарсы тұр” акциясының аясында  «Әйелдерге қарсы зорлық пен зом­былықсыз 16 күн» деп аталатын науқан басталды.  Оқушылар сарайында өткен шарада  680 жұмсақ ойыншық таратылды. Себебі, 2019 жылдың  9 айында 680 бала үлкендерден жапа шегіп, зорлық көрген.

Қазақстан Республикасы психологтар қауымдастығының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты Айгүл  Садықова,  еліміздің  Денсаулық сақтау министрлігінің  республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталықтың ақпараттық-талдау мониторинг  бөлімінің жетекшісі Ринат Мұзафаров  Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығында жастармен кездесті. Онда қазіргі кездегі әйелдер мен қыздарға көрсетіліп отырған кейбір келеңсіз, тіпті айуандық әрекеттер жөнінде  жиынға қатысушылармен пікірлесті.   Спикерлер  әйелдер мен қыздарға жасалатын зорлық-зомбылық, күш көрсету   мәселесінің біздің еліміз үшін ғана емес, әлемдік мәселеге айналып отырғандығына баса назар аударды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK