«ЕРКІН СӨЗ – 2019» БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

92
Дереккөз

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистері арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз» – 2019» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл үшінші рет өткізілген байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңге. Бас жүлдеге тағайындалған қаржы – 700 000 теңге, бірінші орын – 300 000 теңге, екінші орын – 200 000 теңге, үшінші орын – 100 000 теңге. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

Дереккөз

«Еркін сөз» – 2019» байқауында «Үздік телесюжет» аталымы бойынша бас жүлде Абай Сейфуллаұлына («Астана» телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды – Айбек Қосанов («Еуразия» телеарнасы), екінші орынды – Әнуар Карбозов («Atameken Business» телеарнасы), үшінші орынды – Ришат Асқарбекұлы («Астана» телеарнасы) иемденді. Қатарынан үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға сайттар мен газеттерден түскен материалдар саны жылдан-жылға артып келеді. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит секілді мәселелерді қаузаған журналистердің де қаржы саласына бейімделгені қуантады. Сонымен байқау шарттарына сәйкес, «Үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде «Заң» газеті редакторының орынбасары Сәкен Орынбасарұлына бұйырды. Бірінші орынды Сарби Әйтенова («Жетісу» газеті), екінші орынды Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті), үшінші орынды Динара Жұмабекқызы («Орал өңірі» газеті) иеленді. Ал «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде – Аслан Қаженовке (www.inbusiness.kz), бірінші орын жүлдесі Айша Кеңесбайға (www.kazislam.kz), екінші орын Нұрдәулет Кәкіштегіне (www.elorda.info.kz), үшінші орын Жанбота Төлегенге (www.informburo.kz) табысталды.

Халық-хабар

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK