Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;
5) мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын ақпарат;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:
үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;
көрсетілетін қызмет түрлері;
дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.
Сыртқы (көрнекі) жарнама және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республи-касының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Осы баптың 2-1-тармағында айқындалған жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырылатын кезең мен орын, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
Жоғарыда айтылғандай, Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті атқарушы органдарымен жүйелі түрде сыртқы (көрнекі) жарнамалардың объектісін анықтау үшін, іс шаралар жүргізілетінін хабарлайды.

Ұйғыр ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK