Голливудтық режиссер шеберлік сабағын өткізді

76
Фото авторы А.Нұршанов

«American film showcase» бағдарламасы аясында голливудтық сценарист, режиссер әрі продюсер Дженнифер Арнольд шеберлік сабағын өткізді.

Киноиндустрия саласында өзіндік жолын қалыптастырған әмбебап маман қатысушыларға документалды және көркем фильм түсірудің алғышарттары жөнінде баяндап, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, оқиғаның құрылымы, шығармашылық жолындағы қателіктер, сценарийдегі олқылықтар, тәуекелге бел байлау, инвестиция тартудың жолдары жайында да тілге тиек етті. «Ең әуелі кез келген туындыны жарыққа шығармас бұрын  оның маңыздылығын анықтап,  элементтерін саралап алған жөн. Креативті ойлау арқылы аз ғана бюджетті игере отыра, сапалы өнім шығаруға болады. Қолда бар дүниені пайдаланып үйренген жөн. Мәселен, бастапқыда бізде фильм түсіруге қажетті құрал-жабдықтың барлығы болмады. Бұл жағдайдан қарапайым әдіс арқылы өтіп, жұмысымызды нәтижелі аяқтадық». Айта кетейік, Дженнифер Арнольд «Эмми» сыйлығының номинанты, көрерменге «A Small Act», «The Diplomat», «Tig» документалды фильмдері, «Fat Camp» толықметражды комедиясы және бірқатар телевизиялық бағдарламалары арқылы белгілі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK