дереккөз

Мемлекет басшысы  халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың проблемаларына құлақ түру, шешу жолдарын қарастыру барлық деңгейдегі әкімдердің негізгі жұмысы болып табылатынын шегелеп айтты. 2019 жылдың 21 қарашасында Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында  еліміз бойынша «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпыреспубликалық шарасы бастау алды.

Еркін ауылдық округінің әкімі Қайрат Матаев шара аясында ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға алдын ала жазылу жүргізіліп, оған 13 азамат өтінім білдірген.

Ауыл әкімі Қайрат Замантайұлы әр аптаның сейсенбісінде азаматтарға қабылдау  өткізеді. Осы кезге дейін жеке және заңды тұлғалардан 180-нен астам өтініш қабылданған. Онда негізінен  жөнсіз ағаш кесу, қаңғыбас иттерді аулау, тазалық, жер мәселесі көтерілген болатын.

Ал «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  шарасы барысында бірқатар мәселелерге назар аударылды. Олардың қатарында  «Көктал» шағын ауданында бос жүретін иттер көбейген. Оқушылар  үшін бұл қауіпті жайт. Округ әкімі бұл мәселені  ветеринариялық сала қызметкерлерімен бірлесе отырып шешетіндігін айтты. Жалпы алғанда, соңғы бір айда ауыл аумағынан қаңғыбас 20 ит ауланыпты.

Тағы бір сауал- №10 автобустың санын көбейтуге қатысты туындады.

№10 және №25 бағыттағы қоғамдық көліктердің жүру кестесі  назарға алынып, бақылау үшін рейд жүргізіліп тұрады. Тұрғын  сұрағын қаперде ұстайтындығын айтқан әкім «Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не хат жолдайтын болды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK