Суретті түсірген Д.Сағындықов

Жұмыс іздегендерге, жастар мен  оқу  орны түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығына жиналған еңбекке қабілетті азаматтарға  жұмыс берушілер 100-ге жуық бос орындар ұсынды.

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы және де Талдықорған қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесіп өткізген шараның мақсаты – облыс тұрғындарын тұрақты жұмысқа орналастыру,  мүмкіндік деңгейі, жастарды еңбекке тарту, мемлекеттік бағдарламалар турасында кеңінен ақпараттандыру  болатын.

Жәрмеңкеге келушілер қатары көп болды. Барлығы да алуан түрлі  мамандық иелері. Өздеріне ыңғайлы  жұмыс іздеп келген. Айтулы шара олар үшін зор мүмкіндік береді.  Облыстық орталығындағы қалалық емхана,   көпсалалы аурухана, «Көгер» құс фабрикасы ЖШС, облыстық   нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік белсене атсалысты. Олар келушілерге жұмысқа  қалай орналасу жайы мен міндеттері, құқықтары турасында түсіндірді.   Айы оңынан туып,   бірден  жұмысқа  келіскендер де табылды. Оларды қалалық жұмыспен қамту орталығы тіркеуге алып, бос жұмыс орындарына жолдама берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK