Мұсылман баласы қаза болған адамды жуындырып, кебіндеп, жаназасын шығарып, жер қойнына тапсырады. Дей тұрғанмен, кей жағдайда мәйітті құзырлы органдар сараптамаға жіберіп, туған-туыстары күтіп қалатын кездері де жоқ емес. Бұл мәселе жуырда Талдықорған қалалық Қоғамдық кеңес отырысында да көтеріліп, жазуымызға өзек болды. Осы орайда, сараптаманы кімдер жасайды, қанша түрлі сараптама бар, ол қандай жағдайда жасалады деген сауалдарымызға жауап алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығы Алматы облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры І.Ж.Исмаиловпен сұқбаттасқан едік.

— Ілияс Жұмағалиұлы, Алматы облысы бойынша сот сараптамалары институты қай жылы құрылды? Құрамында қанша адам қызмет атқарады? Қандай қызметтердің түрін көрсетесіздер?

— Алматы облысы бойынша сот сараптамалары институты Талдықорған қаласында ресми түрде 1968 жылы құрылып, жарты ғасырдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда, яғни облыстық сот –сараптамалары институтында штат кестесі бойынша 97 адам қызмет атқарады. Институтта сот сараптамалық зерттеулердің 28 түрі қамтылған.
Атап айтсам, жазу мен қолтаңбаны сот-сарап-тамалық, құжаттарды сот-техникалық, сот-сарапта-малық бейне фонографиялық зерттеу, дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық), сот-сараптамалық бейне фонографиялық, дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеулер. Сот-сараптамалық трасологиялық, сот-сараптамалық баллистикалық, арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеулер мен жол-көлік оқиғасы жағдайларын, шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу. Сот-сараптамалық бухгалтерлік, сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік, азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану,сот-сараптамалық авто-тауартану зерттеуі мен сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі.Аудио визуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану, ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу шаралары да қамтылған. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық, сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу. Сот-жалпы сараптамалық зерттеу, яғни өзіңіз тілге тиек етіп отырғандай, мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылар мен басқа да тұлғалардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс-материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы да осы жерде жүргізіледі. Одан басқа, сот-гистологиялық, сот-биологиялық (медициналық), сот медициналық-криминалистикалық, сот химиялық-токсикологиялық, сот-наркологиялық, сот-психологиялық зерттеу түрлері де осы институт қабырғасында жүргізіледі.
Сот-сараптамалары, заңнамада белгіленген жағдайларда қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік-құқық бұзушылық туралы істі қарайтын тұлғаның қаулылары мен ұйғарымдарының негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, қылмыстық процесс шеңберінде сарапшылық қорытынды адвокаттың сұрау салуы бойынша да беріледі.

— Құзырыңыздағы мекемеде ақылы қызмет түрі көрсетіле ме, мөлшерін білсек.
-Иә, 2017 жылдан Институтта 43 түрлі қызмет ақылы түрде көрсетіле бастады. Сондай ақ, екі жылдан бері жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде арнайы білімді қажет ететін мамандандырылған зерттеулер қолжетімді болғанын айта кеткеніміз жөн. Яғни, азаматтар мен мекеме қызметкерлері де өздерін толғандыратын мән-жайларды анықтау үшін құқық қорғау органдары мен адвокаттардан тыс Институт көмегіне жүгіне алады.

— Халқымызда қайтыс болған адамды дене мүшесіне зақым келтірмей жерлеу үрдісі бар. Дегенмен, кей жағдайда, мәйіт сараптамаға жіберіледі. Себебін түсіндіре кетсеңіз. Яғни, заң бойынша сот-медициналық сараптамасы қалай тағайындалады?
— ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 272- бабының 2-тармағына сәйкес «қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы Қаулысын құзырлы органдар мен азаматтардың орындауы міндетті . Яғни, қылмыстық процесті жүргізетін тұлғаның тарапынан мәйіт бойынша сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы Қаулы түскен жағдайда сараптама міндетті түрде мәйітті зерттеумен (ашумен) жасалады. Мәйітті зерттеу (ашу),өлімнің себебін анықтау үшін қажет. Ал, сараптаманы тағайындау қажеттілігі, толығымен қылмыстық процесті жүргізетін тұлғаның құзырында.

— Дей тұрғанмен, мәйітті қандай жағдайда сараптама жасамай-ақ жерлеуге рұқсат берілген?
— Сараптаманы тағайындау мәселесі қылмыстық процесті жүргізетін тұлғаның құзырында болғандықтан, мәйітті сот-медициналық зерттеусіз (ашусыз) жерлеуге беру тек қана сараптаманы тағайындаған органның мәйітті зертеусіз беру туралы Қаулысының негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар, қайтыс болған адамның туысқандары тергеушіге өлім туралы дәрігерлік куәлікті ұсынған кезде орын алады. Мәселен, қайтыс болған адам ауыр созылмалы ауруларға байланысты есепте тұрған болса, жоғарыда атап өткендей, мәйітті зертеусіз жерлеуге рұқсат беріледі.

— Сараптамаға жіберілген адамды қайтыс болған жерінен арнайы мекемеге, яғни сіздерге жеткізу, ол жерден қайтара алу ақылы қызмет түріне кіре ме?
— Мәйітті мәйітханаға сот-медициналық сараптамасына жеткізу Институт құзырына кірмейді және сәйкесінше, ондай ақылы қызмет түрі қарастырылмаған.

— Мәйітті жуу, бальзамдау өзіңіз басқаратын мекеме құзырында ма? Болса, оның бекітілген құны қандай?
— Мәйітті киіндіру, жуындыру,бальзамдау және басқа да жерлеу рәсімдері қайтыс болған адамдардың жақындары тарапынан тілек білдірілген жағдайда ақылы негізде жүзеге асырылады. Аталған қызметтердің бағаларын ұсынып отырмыз.

— Мәйіттің мәйітханада болған әр күніне бөлек ақы төлеу қаншалықты заңды?
— Сот сараптама обьектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Ережелерінің 39- тармағына сәйкес мәйіттер, сот сараптамасы органында, қайтыс болуы туралы медициналық куәлігін, перинаталдық өлім туралы куәлігін рәсімдегенге және қайтыс болған адамның туыстарына не жақындарына бергенге дейін тегін сақталады. Егер мәйіт танылған болса,оны одан әрі қарай сақтау қайтыс болғандардың туыстарымен келісімшарт негізінде ақылы түрде жүзеге асырылады. Ақылы қызметтер прейскурантында мәйіттерді сақтау қызметінің бағасы белгіленген. Төлем мөлшері көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты. Оны тапсырыс беруші (қайтыс болған адамның жақындары) анықтайды. Тапсырыс беруші мен орындаушы арасында ақылы қызметтерді ұсыну туралы шарт жасалып, шартта қызметтердің атауы прейскурантпен белгіленген ақылы қызметтер мен зерттеулердің бағаларына сәйкес төлем мөлшері есептеледі.

— Институттың мекенжайы мен азаматтардың сауалдарына жауап беретін байланыс телефондары туралы мағлұматтар берсеңіздер.Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізесіздер ме?
— Сот-сараптамалық зерттеу түрлері бойынша анықтамаларды Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Жасұлан көшесі, 2 «б» ғимаратынан алуға болады. Телефоны: 8(7282) 410-421; 8(7282) 410-420;
Ал, сот-медициналық сараптамалар бойынша анықтамалар Талдықорған қаласындағы Ескелді би көшесінің 283-ғимаратында орналасқан мекенжай бойынша беріледі. Телефоны: 8 (7282)233-854; Факс: 8 (7282) 234-064;

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау уақыты:

Исмаилов Ілияс Жұмағалиұлы, Институт директоры: аптаның әр дүйсенбі мен сәрсенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Раимбеков Асхат Ахметқалиұлы, директордың сот-медициналық мәселелері бойынша орынбасары: дүйсенбі-жұма сағ. 15.00-ден 18.00-ге дейін.

Серікбеков Дархан Серікбекұлы, директордың сот-сараптамалық мәселелері бойынша орынбасары: сейсенбі-бейсенбі күндері сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

БАҒА ПРЕЙСКУРАНТЫ

Қызметтердің
(Өнімнің) атауы)
Өлшем бірлігі құны
1 Дене жарақаттарын сипаттайтын маманның қорытындысы 1 қорытынды 9 305
2 Медициналық құжаттарды зерделеуге байланысты маманның қорытындысы 1 қорытынды 15 120
3 Бір нысанды ВАЖХ МС есірткі және психотроптық заттарының бар-жоғын арнайы әдіспен зерттеу ( оның ішінде қан немесе шаш немесе тырнақ кесінділері) 1 нысан 37 655
4 Қан мен несептің бір үлгісін сандық анықтаумен этил алкоголінің бар-жоғына химиялық-токсикологиялық зерттеу 1 нысан 5 375
5 Карбоксигемоглобиннің бар-жоғына қанның бір үлгісін биохимиялық зерттеу 1 нысан 15 240
6 Алкоголь суррогаттарының бар-жоғына бір нысанды газ-хроматографиялық зерттеу 1 нысан 80 350
7 Сорбенттің жұқа қабатында хроматографиялық әдіспен марихуананың әсер ететін заттарының бар-жоғына бір нысанды химиялық-токсикологиялық зерттеу 1 нысан 34 770
8 Бір нысанды пестицидтердің бар-жоғына зерттеу 1 нысан 123 000
9 Ауыр металдардың бар-жоғына бір нысанды ұсақтау әдісімен зерттеу 1 нысан 159 040
10 Бір нысанды күйдіргіш улардың бар-жоғына зерттеу 1 нысан 34 575
11 Атомдық-адсорбциялық спектроскопия әдісімен ауыр металдардың бар-жоғына бір нысанды зерттеу 1 нысан 130 740
12 Бір нысанды ВАЖХ МС, ГХ дәрілік заттарының бар-жоғына зерттеу 1 нысан 37 310
13 Қан немесе эпителий немесе шәует немесе шаш немесе сүйек жасушалары нысанындағы У-хромосомалық ДНҚ генетикалық профильді анықтау 1 нысан 36 685
14 Сүйек нысанында митохондриялық ДНҚ-ны зерттеу 1 нысан 44 135
15 Шәует объектісінде генетикалық профильді анықтау 1 нысан 40 860
16 Қан немесе эпителий жасушалары немесе шәует немесе шаш объектісінде митохондриялық ДНҚ-ны зерттеу 1 нысан 43 390
17 Қан немесе шаш немесе эпителий жасушалары объектісінде генетикалық профильді анықтау 1 нысан 51 150
18 Сүйек объектісіндегі генетикалық профильді анықтау 1 нысан 82 350
19 Генетикалық паспорт (жеке генетикалық код белгілеу) 1 паспорт 50 150
20 Бір нысанды (блокты) гистологиялық зерттеу) 1 нысан   4 755
21 Жедел гистологиялық зерттеу 1 нысан 5 365
22 Планктонға зерттеу 1 нысан 2 995
23 Гистологиялық препараттарды қалпына келтіру 1 нысан 6 960
24 Бір орындаушыны сәйкестендіру кезінде 1 қолтаңбаны зерттеу (әріптік, штрихтік немесе аралас транскрипция) 1 нысан 22 120
25 Бір орындаушыны сәйкестендіру кезінде жазбаны зерттеу (үлкен (орташа), кәдімгі жағдайда орындалған көлемді) 1 нысан 24 690
26 Бір орындаушыны сәйкестендіру кезінде ерекше орындау белгілері бар 1 қолтаңбаны зерттеу (әріптік, штрих немесе аралас транскрипция) 1 нысан 28 850
27 Бір орындаушыны сәйкестендіру кезінде ерекше жағдайларда орындалған жазбаны (үлкен көлемді) зерттеу 1 нысан 31 970
28 Бір орындаушыны сәйкестендіру кезінде егде/қартайған жастағы адамның атынан орындалған 1 қолтаңбаны зерттеу 1 нысан 47 170
29 Мәйітті косметологиялық өңдеу: бет қырыну 1 қызмет 1 080
30 Мәйітті косметологиялық өңдеу: тырнақтарды қию 1 қызмет 1 200
31 Мәйітті косметологиялық өңдеу: шаш төсеу 1 қызмет 510
32 Мәйітті косметологиялық өңдеу: макияж 1 қызмет 1 600
33 Мәйіттің сыртқы келбетін қалпына келтіру (қалпына келтіру) (жарақат алған жағдайда бас пішіні мен бет келбетін қалпына келтіру) 1 қызмет 7 040
34 Жарақат алған жағдайда мәйіттің сыртқы келбетін қалпына келтіру (қалпына келтіру) (дененің бір бөлігінің пішіні мен тұтастығын қалпына келтіру) 1 қызмет 4 790
35 Мәйіттің бетін  бальзамдау 1 қызмет 4 740
36 Мәйітті ішінара қуысты бальзамдау (ашқаннан кейін) 1 қызмет 11 780
37 Ішінара инъекциялық бальзамдау 1 қызмет 9 800
38 Мәйіт дәретханасы (киіну, жуу) 1 қызмет 5 100
39 Мамандандырылған зерттеуді тағайындау бойынша кеңес беру 1 кеңес 2 695
40 Мәйітті ҚР аумағы бойынша және одан тыс жерлерге тасымалдау үшін ілеспе құжаттарды беру 1 құжат 800
41 «Мәйітті тоңазытқыш камерасында сақтау» 1 сағат 235
42 Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша мамандандырылған зерттеу жүргізу (Химиялық және түрін өзгертетін әдістерді қолданбай) 1 сағат 4 210
43 Сарапшы маман ретінде тарту (химиялық әдістерді қолданбай) 1 сағат 1 795

 

Гүлжанат Нұршанова.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK