Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел әрекет ету — мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады. Осыған орай Талдықорған қаласының әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша оқыту семинары өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Оған ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бөлімінің аға прокуроры Талғат Молдаханов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті – мемлекеттік қызмет басқарамасының басшысы Жадыра Иманғалиева, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Ғафур Кузубаев және қала әкімдігінің барлық қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, олардың тиісті шешімдері ұсынылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді жоғары деңгейде көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде әрі сапалы қарастыру жағы қаралды.

Сонымен қатар, тұрғындардың өтінішіне заң жүзінде емес, оларға түсінікті қарапайым тілде жауап беру мәселесі сөз болды.

Айта кетейік, азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп атап өткен болатын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK