Елбасының 2018 жылғы 5-қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды және айыппұлды есептен шығару жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Мемлекет Басшысымен 2018 жылғы 28-желтоқсанында қол қойылған Заң 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Осы Заңға сәйкес, салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1-қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31-желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.

Сонымен бірге, әзірленген түзетулерге сәйкес төмендегі салық төлеушілерге рақымшылық қолданылмайды:
• Мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер;
• Жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;
• Акцизделетін тауарларды өндірушілер;
• Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын немесе жеке практикамен айналыспайтын тұлғалар.
Жалпы, салықтық рақымшылық кәсіпкерлерді қолдаудың пәрменді механизмі болады және негізгі салықтарды төлеуге жақсы мүмкіндік береді.

МКБ Кеген ауданы бойынша.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK