БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында және ҚР ҚМ МКК төрағасының 2019 жылғы 24 маусымдағы № 289 бұйрығының негізінде бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау» (бұдан әрі – Азаматтық бақылау) пилоттық жобасы жүргізіледі.

Жобаны жүргізу кезеңі 2019 жылғы 12-тамыздан 2019 жылғы 30- қарашаға дейін.
2019 жылғы 30-қыркүйектен бастап аталған пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таралуда, яғни чекті (мобильді телефонның теңгерімін толықтыру) бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаға сыйақы төлеу барлық Қазақстан бойынша жүзеге асырылады.
Бейнематериалдарды Apple AppStore және Google Playmarket қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.
Техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалды чек туралы ақпарат 72 сағаттың ішінде жөнелтілуі мүмкін.

Ұйғыр ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK